Бүгін Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №60 мекемесінің қызметкерлері әлеуметтік жағдайы төмен бір отбасының үш баласын мектепке дайындады.
Жалпы, облыстық ҚАЖ департаментінің қызметкерлері жаңа оқу жылы қарсаңында ерекше көмек қажет ететін балаларды мектепке дайындауды жыл сайын дәстүрге айналдырып қайырымдылық көмек көрсетіп келеді.
Балдырғандарға мектеп формасын, сөмкелері мен аяқ-киімдерін және оқу құралдарын алып берді. Балалардың анасы балаларына мектепке қажетті заттарын алып бере алмағанын айтып, қызметкерлердің осы қиын-қыстау уақытта көмектескендеріне қуанып, мекеме ұжымына көрсеткен қолдауы үшін алғысын айтып, еңбектеріне табыс тіледі.
-Балаларыма көрсеткен көмегі үшін №60 мекеменің басшылығына алғыс айтамын.Өзім жалғызбасты анамын.Биыл мектеп табалдырығын аттағалы тұрған баламды да қаржының тапшылығынан киіндіре алмай отыр едім. Балаларымның қуанышты жүздерін көріп,көзіме жас келді. Сіздердің көмектеріңіздің арқаларыңызда үш балам жаңа киіммен мектепке баратын болды деп алғысын жеткізді.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!