Бейсенбі, 28 қараша, 15:35

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№94-2104
26.11.2024
PDF мұрағаты

ҚАЖ қызметкерлері қысқы киім үлгісіне көшті

08.10.2021

840 0

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаменті жеке құрамның қысқы киім нысанына көшуіне орай саптық байқау ұйымдастырды. Саптық байқауды ҚАЖ департаменті кадр саясаты тобының аға инспекторы әділет капитаны Ертай Асылбек жүргізді. ҚАЖ департаменті ауласында карантиндік талаптарды сақтай отырып, барлық жеке құрам сапқа тұрғызылды.

Әділет капитаны А.Ертай жеке құраммен амандасып, осыдан кейін қызметкерлердің нысанды киім-кешектері мен олардың сыртқы түрінің белгіленген нормаларға сәйкестігін тексеріп, қызметтік куәліктерінің, айырым белгілерінің талаптарға сай болуын және сәйкестігіне тексеріс жүргізді.

Аталған іс-шараның мақсаты жеке құрамның нысанды киім киіп жүруі мен сыртқы келбетін ұстау ережелерін сақтауын, сондай-ақ, қызметкерлердің қысқы кезеңде іс-қимыл жасауға дайындығын тексеру болып көзделеді.

«Жоспарлы саптық байқау жүйелі түрде, жылына екі рет – көктемде жазғы киім нысанына ауысқан кезде және күзде қысқы киім түріне өткен кезде өткізіледі. Саптық байқауда қызметкерлердің саптық дайындық дағдыларын, нысанды киім кию ережелерін сақтауы, қызметтік куәліктері, лауазымдары мен шендері тексерілді. Әрбір Ішкі істер органының қызметкері сыртқы киім үлгісі ұқыптылығымен ерекшеленіп, заңнаманы білуі тиіс»,-дейді әділет капитаны Ертай Асылбек.

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: