Сейсенбі, 24 желтоқсан, 21:09

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

ҚАЖ қызметкерлері жалпыұлттық диктантқа қатысты

04.05.2023

478 0

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаменті қызметкерлері жалпыұлттық диктантқа қатысты
2023 жылғы 4 мамырда «Еркін ел ұрпағы» жалпыұлттық патриоттық диктантын өткізу уақыты деп белгіленді.
Осыған орай, Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаменті №60 мекемесінің қызметкерлері диктант жазуға қатысты.
Жалпыұлттық диктант – еліміздің әр азаматына өзінің білімі мен сауаттылық деңгейін тексеруге берілген мүмкіндік. Қатысуға ниет білдірген қызметкерлер бәсекеге қабілетті ел болудың бір шарты болып отырған заманда мұндай сынақтарды өткізудің пайдасы зор екенін атап көрсетті.
Диктанттың маңызды ерекшеліктерінің бірі – оған ерікті қызметкерлердің белсенді түрде қатысуы болды.

  • Диктант жазу – қызметкерлердің сауаттылығын арттырып қана қоймай, патриоттық рухын да оятады. Бұл жалпыұлттық диктантқа қатысудағы басты мақсат – мемлекеттік қызметкерлер бойындағы патриоттық сезімді ояту және алдағы мамыр мерекелері мен Жеңіс күнінің мән-маңызын түсіндіру. Қызметкерлер жалпыұлттық диктант жазуға қатысу барысында тәуелсіздіктің бізге оңайлықпен келмегенін ұғынып, ата – бабаларымыздың киелі жеріміз бен болашақ ұрпақтың бостандығы үшін аянбай күрескенін тағы бір еске түсіріп, алдағы уақытта елді дамыту жолында аянбай еңбек етеді деген сенімдеміз, – деді мекеме бастығының тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары әділет подполковнигі Ускенбаев Алтынбек.

  • Адина Ұзақбай
    Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: