Жексенбі, 22 желтоқсан, 17:48

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

ҚАЖ қызметкерлерінің анасына құрмет көрсетілді

08.03.2024

447 0

Департамент бастығы марқұм болған ҚАЖ қызметкерінің анасына «Қазақстан полициясына 30 жыл» медалін тақты.
8-наурыз Халықаралық әйелдер мерекесіне орай Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің бастығы әділет полковнигі Есенкелдиев Шаймерден Тәжіқұлұлы 10 жылдан аса ҚАЖ саласында қызмет еткен, 37 жасқа қараған шағында дүниеден өткен әділет майоры Орал Асқарұлының ата-анасына арнайы барып, анасын құттықтап, алғыс хат пен «Қазақстан полициясына 30 жыл» медалін тақты.

» 10жылдан аса ҚАЖ саласында өзінің білімділігін,жігерлігін,біліктілігін көрсетіп, түрлі лауазымдарда абыроймен қызмет еткен Орал Асқарұлының ата-анасына құрмет көрсетіп, елдің азаматы етіп тәрбиелеген Несібелі апамызға жылы лебізімізді білдіріп, алғысымызды айттық. Оралдың есімі әлі де ұмытылмағанын білдіру еді»- деді Шаймерден Тәжіқұлұлы.

Марқұм ұлым артық сөзі жоқ адамдарға көмектесуге, әріптестеріне қол ұшын созуға дайын тұратын еді.Әрине баламның өмірден ерте кетіп қалғаны жаныма батады. Оралдың арманы көп еді.Орнында бар оңалар демекші, екі ұлы да ер жетіп келеді. Сіздерді көріп балам келгендей қуандым, төбем көкке бір елі жетпей қалды деп анасы көзіне жас алды.Сізге және қызметкерлеріңізге шексіз алғыс білдіремін, ұдайы келіп, құрмет көрсетіп, ұлымды естен шығармайсыздар, аман жүріңіздер, – деді Оралдың анасы.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: