Бейсенбі, 11 желтоқсан, 18:23

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№94 (2206)
09.12.2025
PDF мұрағаты

ҚАЖД №60 мекемесінде сотталғандарға жеке психологиялық терапия өткізілді

11.12.2025

38 0

Фото: ҚАЖД №60 мекемесі

Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің психология қызметтерін жетілдіру бойынша сотталғандарға психологиялық көмек беруді күшейтуге негізделген іс-шаралар жоспарға сәйкес атқарылуда. №60 мекемесінің  психологтары кезекті терапиясын жүргізді.

Қазіргі таңда сотталғандардың психологиялық жағдайына көңіл бөлу аса маңызды. Күйзелістен шығып, ойды тұрақтандырудың әдістері көп, соның ішінде – әуен, симфониялар арқылы тереңдегі ойды ашу, музыкалық релаксация терапиясы. Ғылымда «Майнд машина» аппаратымен релаксациялық терапия деген атауға ие. Бұл әдіс адамның ішкі әлемін тыныштандырып, эмоцияларын шығару арқылы жеңілдетуге бағыталған.

Арнайы компазициялармен әуен бойға еніп, ритмдері аз-аздан күшейтіліп, ойдың ең тереңіне жетеді. Сол тереңде жатқан барлық өкпе, ыза, реніш музыка ырғағымен сыртқа шығады. Бұл терапияның ең ерекшелігі де сол, аяқ-қолды босаңсытып, көзді жұму арқылы ойға шомылу. Өткен естеліктерге қайта оралып, мидан сәтсіз кадрларды шығару. Терапияға жазасын өтеп жатқан азаматтар жеке-жеке қабылданады. Сондықтан терапияда адам құлаққап тағу арқылы ешкімді естімей, эмоцияларын шығарып, өз әлеміне енеді, сезімін, қорқынышын немесе армандарын бейсаналы түрде сыртқа шығарады. Әуеннің табиғи қасиеті де осы ішкі тыныштықты орнату. Адамның бар ойы әуен ноталарына еніп кеткендей күй кешеді.

– Осы терапия сотталғандарға психологиялық көмек беруде үлкен улес қосады. «Құлақтан кіріп бойды алар…»- деп Абай атамыз айтқандай бұл әуен мен бейне олардың ішкі жан дүниесін сауықтыру арқылы, психологиялық тұрақтылықты нығайтады.Жылау, адам бетіндегі мимика, қозғалу арқылы олар жай күйінен хабар береді. Соған қарап баға бере отырып, әрбір сотталғанға жеке талдау жасаймыз, басқа әдістерді жоспарға еңгіземіз. Осындай қарапайым тәсіл арқылы сотталған азамат ішкі әлемімен үндесуді үйренді,−дейді Психологиялық қамтамасыз ету тобының маманы, психолог Шынар Кульбаева.

Рәпіш ТӨЛЕП

ҚАЖД №60 мекеменің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: