Сейсенбі, 01 қазан, 20:28

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№78-2088
01.10.2024
PDF мұрағаты

ҚАЖД бастығы сала ардагерлерін мерекемен құттықтады

01.10.2024

51 0

1 қазан – Қарттар күніне орай қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бастығы Шаймерден Есенкелдиев және ҚАЖ департаменті Ардагерлер кеңесінің төрағасы Талғат Ахметов сала ардагерлерін құттықтап, ерекше құрмет көрсетті. Бұл күн – ардагерлеріміздің ел игілігі үшін сіңірген еңбегін еске алып, олардың өмірлік тәжірибесі мен еңбегін жоғары бағалайтын ерекше мейрам. ҚАЖ қызметкерлерінің құрметіне ие болған сала ардагерлерінің қатарында: Серікбай Қойшыбайұлы, Әділхан Қосмағанбетұлы, Үміткүл Ибрашқызы, Болат Әжімбекұлы, Күзембай Қожақов және Иса Демесинов бар. ҚАЖ департаментінің бастығы өз сөзінде ардагерлердің қылмыстық-атқару жүйесін нығайтудағы рөлін атап өтіп, олар қызмет еткен жылдардағы ерен еңбектері мен өнегелі өмір жолдары туралы айтты. Ол ардагерлерге алғыс білдіре отырып, қазіргі ұрпақтың да оларға қарап бой түзей отырып, жоғары кәсібилік пен адалдықты ұстанатынын жеткізді. Кездесу барысында ардагерлерге арнайы сыйлықтар табысталып, тілектер айтылды. Департамент ұжымы ардагерлердің еңбек жолы мен өмірлік тәжірибесін әрдайым үлгі тұтып, олардың кеңестеріне құлақ асып келе жатқанын да атап өтті. Ардагерлер ҚАЖ қызметкерлеріне алғыстарын білдіріп, еліміздің қауіпсіздігі мен құқықтық жүйенің тұрақтылығы үшін атқарылып жатқан жұмыстарға ризашылықтарын жеткізді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: