31 мамыр – ХХ ғасырдағы кеңестік биліктің тоталитарлық саясаты салдарынан саяси қуғын- сүргінге ұшыраған қайраткерлеріміз бен ашаршылық құрбандарын еске алатын тарихымыздағы қасіретті күн. Бірлігі кетіп, берекесі қашқан сол кезеңде халқымыздың жартысына жуығы құрбан болып, жарты миллионнан астамы бас сауғалап шет елдерге үдере көшуге мәжбүр болды.
Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін 1993 жылы 14 сәуірінде «Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы» заң қабылданды. Осы мақсатта 1998 жылы Қызылорда қаласында да ашаршылық қуғын-сүргін құрбандарына арнап ескерткіш орнатылды.
Бүгін ашаршылық қуғын- сүргін құрбандарына арналған ескерткішіне Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД-нің №60 мекемесінің қызметкерлері саяси қуғын-сүргін құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алып, гүл шоқтарын қойды.
«Ата-бабаларымыздан дарыған қайсарлық пен төзімділіктің арқасында қатаң сыннан абыроймен өтіп, біртұтас ұлт ретінде бірігуге мүмкіндік алдық. Сол зұлмат заманда өмірден өткен ата- бабаларымызды еске алу, рухына тағзым ету- біздің перзенттік борышымыз»,- деді мекеме бастығының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары әділет подполковнигі Алтынбек Тұрарбекұлы.
Наргиза Рамазанова
Қызылорда облысының Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №60 мекемесі
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!