Сәрсенбі, 12 қараша, 17:06

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№86, (2198)
11.11.2025
PDF мұрағаты

Қоғамды дүр сілкіндірген іс: 15 жастағы қыздың босануы тергеуге түрткі болды

21.10.2025

137 0

Фото: BAQ.KZ - архив

Түркістан облысында 15 жастағы қыз босанды. Күдікті 71 жастағы зейнеткер қамауға алынды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

15 жастағы қыз көрші тұратын 71 жастағы туысынан жүкті болған. Туыстарының айтуынша, олар бұл жайтты жүктіліктің жетінші айында ғана білген. Қыз бала ақпанда босанған.

Әлеуметтік желіде видео тарады. Оқиғадан кейін ауыл тұрғындары қарт ер адамның отбасына ауылдан көшіп кетуі туралы талап қойған. 

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі мәлім еткендей, Келес ауданы тұрғынының кәмелетке толмаған қызына қатысты жасалған заңға қайшы әрекеттері бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Барлық мән-жайларды анықтауға бағытталған қажетті жедел-тергеу іс-шаралары жүргізілуде. Тергеу нәтижесімен тиісті процессуалдық шешім қабылданатын болады, – деп хабарлады Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығы Мұрат Қабденов.

Қылмыстық істің тергеу барысы Полиция департаменті басшылығының бақылауында.

ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге де ақпарат жариялауға жатпайды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: