Жұма, 22 қараша, 23:14

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№92-2102
19.11.2024
PDF мұрағаты

Қоғамдық бірлестіктің өкілі қамаудағылармен кездесті

30.03.2022

848 0

Қызылорда қаласындағы ЗК-169/1 тергеу изоляторына «Біз азаптауға қарсымыз» қоғамдық бірлестігінің басшысы Елена Семенова келді.

ҚР ІІМ ҚАЖ қылмыстық – атқару жүйесі комитеті арасында сотталғандардың бұзылған құқықтарын сақтау және қалпына келтіру саласында ынтымақтастық туралы меморандумға сәйкес аталған қоғамдық бірлестіктің өкілі қамаудағылар мен сотталғандардың мекемедегі ұсталу тәртібін бақылап, қабылдау жұмыстарын жүргізді.

Қабылдауға Қызылорда облыстық прокаратурасының үкімдерін орындау қадағалау басқармасының бастығы С.Ахметов, басқарма аға прокуроры М. Алмас, ҚАЖ департаменті бастыңының орынбасары әділет полковнигі М.Нәкенов және мекеме бастығығы, әділет подполковнигі А.Тасқараевтың қатысты.

Қоғамдық өкіл басшысының жеке қабылдау кезінде қамаудағылар тарапынан азаптау фактілері бойынша ешқандайда арыз-шағымдары болмады.

Арнайы келген бұл топ, олардың камерадағы ұсталу жағдайы мен тамақтануын өз көзімен көріп, мекеме тарапынан медициналық іс-шаралардың тиісті дәрежеде өткізіліп жатқанын көрді.

«Бүгінгі келген қоғамдық бірлестік басшысы мен құқық қорғаушылар тұттқындармен жеке әңгімелесіп, оларға мекеме тарапынан тиісті жағдайлардың жасалынып жатқанын көрді. Ешқандайда заң бұзушылықтың орын алмағандығынан хабардар болды», – деді мекеме бастығы, әділет подполковнигі
А.Тасқараев.

Қоғамдық бірлестіктің өкілі қамаудағылармен кездесті

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: