Сейсенбі, 21 қазан, 19:25

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№80, 2192
21.10.2025
PDF мұрағаты

Қоғамдық орында оғаш қылық жасаған полицей формасындағы адам видеоға түсіп қалды

21.10.2025

102 0

видео кадры

Әлеуметтік желілерде полиция қызметкерінің формасын киген ер адамның мас күйдегі видеосы тарады. Алматы Полиция департаменті жағдайға қатысты пікір білдірді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

20 қазанда әлеуметтік желілерде жасыл жолағы бар шалбар және «полиция» деген жазуы бар форма киген ер адамның видеосы тарады. Кадрларда ер адам көліктің капотына бетін қойып жатқаны көрінеді, келесі сәтте ол теңселіп, көлікке отыруға тырысады.

Алматы Полиция департаментінің пікірі

Алматы Полиция департаменті қазіргі уақытта видеодағы ер адамның жеке басы мен оның құқық қорғау органдарына қатысы анықталып жатқанын хабарлады.

«Оқиғаның мән-жайы мұқият тексеріліп жатыр. Алматы Полиция департаментінің басшылығы өз ұстанымын нақтылайды: ішкі істер органдарында полиция абыройы мен атағын төмендететін адамдарға орын жоқ», – делінген хабарламада.

Ведомство мәліметінше, ақпарат расталған жағдайда кінәлі тұлға ішкі істер органдарындағы жұмысынан босатуға дейінгі қатаң жауапкершілікке тартылады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: