Жұма, 19 желтоқсан, 19:35

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№96 (2208)
16.12.2025
PDF мұрағаты

«Қоғамдық қауіпсіздік пен ашықтық» тақырыбында ашық есік күні өткізілді

19.12.2025

52 0

Қызылорда облысы Полиция департаментінің Жедел басқару орталығында «Қоғамдық қауіпсіздік пен ашықтық» тақырыбында ашық есік күні өткізілді. Ашық есік күніне жоғары, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері, жастар ұйымдарының өкілдері, әлеуметтік желі блогерлері мен белсенді жастар қатысты.

«Қоғамдық қауіпсіздік пен ашықтық» тақырыбында ашық есік күні өткізілді
«Қоғамдық қауіпсіздік пен ашықтық» тақырыбында ашық есік күні өткізілді


Ашық есік күнінің мақсаты – «Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру, жастар мен тұрғындар арасында полиция қызметінің обьективтілігін және айқындық қағидатын нығайту, тұрғындардың құқықтық мәдениеті мен құқық қорғау органдары туралы түсінігін кеңейту, жастардың саналы азаматтық ұстанымын қалыптастыру.

«Қоғамдық қауіпсіздік пен ашықтық» тақырыбында ашық есік күні өткізілді


Қатысушылар Жедел басқару орталығының қызмет ерекшеліктерімен, материалдық-техникалық базасымен және заманауи бейнебақылау жүйесімен танысты.
Сонымен қатар, Ашық есік күні барысында Қызылорда облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары Омаров Оралбек Тәубақабылұлы студент жастармен кездесті.

«Қоғамдық қауіпсіздік пен ашықтық» тақырыбында ашық есік күні өткізілді
«Қоғамдық қауіпсіздік пен ашықтық» тақырыбында ашық есік күні өткізілді


Кездесу барысында ол полиция қызметінің негізгі бағыттары, құқық қорғау саласындағы өзекті мәселелер және жастардың қоғамдағы рөлі туралы кеңінен әңгімеленді. Студенттер тарапынан түрлі сұрақтар қойылып, полиция қызметіне орналасу талаптары, қызмет барысындағы жауапкершілік, құқық бұзушылықтың алдын алу және жастар арасындағы қылмыстың профилактикасы тақырыптары қозғалды.

«Қоғамдық қауіпсіздік пен ашықтық» тақырыбында ашық есік күні өткізілді


Омаров Оралбек Тәубақабылұлы қойылған сұрақтарға нақты әрі жан-жақты жауап беріп, студенттерді заңға бағынуға, белсенді азаматтық ұстаным қалыптастыруға шақырды. Кездесу еркін форматта өтіп, студенттер үшін пайдалы әрі мазмұнды болды.

«Қоғамдық қауіпсіздік пен ашықтық» тақырыбында ашық есік күні өткізілді
«Қоғамдық қауіпсіздік пен ашықтық» тақырыбында ашық есік күні өткізілді

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: