Сенбі, 30 қараша, 07:53

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№95-2105
30.11.2024
PDF мұрағаты

«Қоғамдық тәртіпті сақтағаны үшін» төсбелгісімен марапатталды

15.12.2021

1332 0

Табынбай Ғалымжан Қалданұлы азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жолында 15 жылға жуық уақыт адал еңбек етіп келе жатқан қызметкер. Осы уақыт ішінде ол Департамент, Басқарма бастықтарынан бірнеше рет алғыс хаттармен марапатталып, биік шыңдардан көріне білді. Осы марапаттардың қатарына, бүгін ҚР Ұлттық ұланы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының бұйрығымен «Қоғамдық тәртіпті сақтағаны үшін» кеуде белгісі қосылды.


Тәуелсіздік таңымен бірге құрылған құқық қорғау әскері осы жылдар бойы жеке тұлғаның, қоғамның, мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, азаматтардың құқығы мен бостандығын қылмыстық және де басқа қолсұғушылықтарды қорғау бойынша өз міндеттерін абыроймен атқарып келеді.


Ғалымжан Қалданұлы еліміздегі қылмысқа қарсы күресте және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуде еңбек жолын алғаш басқармада тергеу бөлімінің тергеушісі қызметінен бастаған. Қызығы мен қиындығы қатар жүретін тергеу қызметіне кіріскен Ғалымжан бұл қағидатты өмірінің негізгі темірқазығы ете білді. Кез келген қылмыстық істі тергеу барысында іс аясында адам тағдыры, жәбірленушінің жан айқайы барын әсте естен шығарып көрген емес. Айыптының кінәсін мойнына қою барысында қылмыстық істі жүргізу кодексі талаптарын дәл әрі нақты қолданды. «Ізденген жетер мұратқа» демекші, ұдайы ізденіс, білімін жетілдіруге ұмтылатын жас маман еңбегі ескеріліп қазіргі таңда қалалық Полиция басқармасында анықтау бөлімінің бастығы, полиция майоры шенінде.


«Мен, он жылдан астам уақытымды тергеу бөлімінде қызмет атқарумен өткізіппін. Анықтау тергеу секілді алдын ала тексерумен айналысады. Бірақ, анықтаушы мен тергеушінің жұмысы бір-бірінен аз-кем ерекшеленеді. Яғни, қылмыстың ауыр-жеңіліне қарай айырмашылық бар. Егер ірі көлемде залал келсе, ауыр қылмыс орын алса, алдын ала тексеруді тергеуші өз мойнына алады. Ал біз орта ауыр, ауыр емес қылмыстармен айналысамыз. Алаяқтық пен бұзақылық – ең көп кездесетіні», – дейді полиция майоры Ғалымжан.
Ғалымжан қызметте білікті басшы, отбасында сүйікті жар, балаларына аяулы әке. Жары Мөлдір дәрігер, жолдасына қолдау білдіріп, қиын салада оған демеу болуда. Олар 2 ұл, 2 қыз өсіріп отырған аяула ата-ана.

Қызылорда қалалық Полиция басқармасының баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: