Сенбі, 16 қараша, 02:17

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№91-2101
16.11.2024
PDF мұрағаты

Қонаевта мысық өлтірген азамат сотталды

14.12.2022

1013 0

Қонаевта сот мысыққа қатігездік танытқан ер адамға қатысты сот шешімін шығарды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Ер адамның әрекеті қаладағы дүкендердің біріне орнатылған бейне бақылау камерасына түсіп қалған.

Мас күйде болған ол бала ойнап отырған мысықты теуіп жіберген. Қабырғаға соғылған мысық сол жерде өліп қалған. 

«Сот прокурорды қолдады. Қылмыстық кодекстің 316-бабы 3-бөлігі (Жануарларға қатігездікпен қарау) бойынша бас бостандығын 6 айға шектеу жазасы тағайындалды», – деп хабарлады Алматы облысы прокуратурасының баспасөз қызметі. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: