Сейсенбі, 04 қараша, 15:31

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№84, 2196
04.11.2025
PDF мұрағаты

«Құпия орындар» мен криптовалюта: полицейлер интернет-дүкен иесін ұстады

04.11.2025

67 0

Фото: видеодан скриншот

Қарағанды облысында полицейлер есірткі саудасымен айналысқан интернет-дүкен иесін қолға түсірді. Күдікті тыйым салынған заттарға төлемді криптовалюта арқылы қабылдап, қала аумағында бірнеше «құпия орындар» ұйымдастырған, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Полиция департаментінің хабарлауынша, есірткінің заңсыз айналымына қарсы бағытталған «Қарасора» жедел операциясы кезінде Теміртау қаласының 20 жастағы тұрғыны ұсталған. 

Жеке тінту барысында күдіктіден екі iPhone маркалы ұялы телефон, 200 000 теңге көлемінде ақша, салмағы шамамен 2 грамм болатын ұнтақ тәрізді зат табылып, тәркіленді. Ал тұрғылықты мекенжайына жүргізілген тінту кезінде жалпы салмағы шамамен 100 грамм болатын ақшыл сары түсті ұнтақ салынған 51 түйіншек анықталды. Тергеу барысында ұсталған азаматтың есірткі сатумен айналысқан интернет-дүкеннің иесі екені дәлелденді. Ол төрт ай бойы заңсыз қызметін жүргізіп, тыйым салынған заттарға төлемді криптовалюта арқылы қабылдап отырған. Сондай-ақ күдіктінің қала аумағында бірнеше «жасырын орындар» (закладка) ұйымдастырғаны белгілі болды, – деп хабарлады Қарағанды облысының ПД баспасөз қызметі. 

Қазіргі уақытта полицейлер аталған қылмысқа қатысы бар өзге тұлғаларды анықтауға бағытталған тергеу амалдарын жалғастыруда. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: