Сейсенбі, 06 қаңтар, 20:46

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№1, (2213)
06.01.2026
PDF мұрағаты

Құпияны ашқан түзеу мекемесінің бастығы сотталды

05.01.2026

82 0

Фото: Zakon.kz

Павлодарда сот лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны және мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді жария еткені үшін кінәлі деп танылған № 45 түзеу мекемесінің бұрынғы басшысына қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Белгілі болғандай, колонияның бұрынғы басшысы белгілі бір сыйақы үшін кейбір сотталғандарға жазасын өтеу үшін артықшылықты жағдай жасаған.

Сондай-ақ, мемлекеттік айыптауды қолдайтын прокурордың белсенді әрі қатаң ұстанымының арқасында қызметтік міндеттерін атқару барысында оның қызметтік ақпаратты жария етуге жол бергені дәлелденді.

Қылмыстардың жиынтығы бойынша сот сотталушыны мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, подполковник арнаулы атағынан айыра отырып, 6 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: