Жексенбі, 24 қараша, 19:30

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№93 – 2103
23.11.2024
PDF мұрағаты

Құқық бұзушылықтың алдын алу басты назарда

08.02.2024

491 0

Қазақстан Республикасы Қарулы Қүштердің Әскери полициясы басқармасының бастамасын Қызылорданың әскерлері сәтті орындап, өңірдегі әскери құқықбұзушылық деңгейін күрт төмендетті.

 Қызылорда гарнизонына қызмет көрсету жөніндегі әскери полиция бөлімшесінің қызметкерлері Қызылорда гарнизонының әскери прокуратурасының қызметкерлерімен бірлесе отырып, «Өмірді сақта» құқы қбұзушылық профилактикасы ведомоствааралық бірыңғай жоспарының «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу» он күндігі және «Алкоголь және есірткі – қылмыс көзі» айлығы аясында әскерлерде профилактикалық іс-шараларды жоғары деңгейде өткізу мақсатында, әскери бөлімдер мен мекемелердің барлық санаттағы әскери қызметшілеріне, әйелдер кеңесінің төрайымы және отбасы мүшелеріне қылмыстық және әкімшілік құқықбұзушылық жасауға тәуекел ету немесе оқталу іс-әрекеттерін бұзақылық жасау, есірткі және алкогольдік ішімдікті пайдалану, көлікті мас күйінде жүргізу немесе қоғамдық орындарға адамның қадір-қасиетін түсіру және имандылықты қорлайтын масаң күйде келу, тұрмыстық зорлық-зомбылылықты алдын алу жұмыстары жан – жақты жүргізілді.

Оқу дәрістері барысында әскери қызметшілердің отбасылық жағдайда немесе адамның өміріне қол сұғушы адамға не қорғанушының немесе басқа адамдардың өміріне қауіпті қарулы шабуылмен немесе зорлық-зомбылықпен не осындай зорлық-зомбылықтың тікелей қатерімен, не тұрғын үйге, үй-жайға басып кірумен ұштасқан өзге де қолсұғушылыққа, азаптауға жол бермеу жәйттері түсіндірілді.

Әскери қызметшілер арасында отбасы–тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттерде құқық бұзушымен отбасы-тұрмыстық қатынастардағы адамдарға сыйламаушылық көрсетiлiп, былапыт сөйлеу, қорлап тиiсу, кемсiту, үй тұрмысындағы заттарды бүлдiру және олардың тыныштығын бұзу сияқты да жағдайлар кездесіп жатыр. Ол әскери қызметшілердің жанұясының шырқының, некенің бұзылуына әкеп соғады. Шырқы кетіп, шырайы қашқан отбасыларда бақытты ана, алаңсыз бала болмайтыны да аян. Үрке қорқып отыратын балаларға отбасылық құндылықтарды ұғындыру, кемел келешекке қамсыз көз жүгірткізіп сендіру әсте мүмкін еместі. Берік мемлекетіміздің  тамшыдай бөлігі болатын жас отбасылы әскери қызметшілерімізге саналы ұрпақ тәрбиелеуіне, үлгілі отбасы болуына,  салауатты өмір салтын ұстанып отбасы жағдайында немесе қоғамдық орында болсын құқықтық тәртіптің мәдениетін сақтау керек екендігі түсіндірілуде. Бауыржан Момышұлы атамыз айтқандай «Тәртіпсіз ел болмайды, тәртіпке бас иген құл болмайды!»

Қазіргі таңда, Қызылорда гарнизонына қызмет көрсету жөніндегі әскери полиция бөлімшесінің қызметкерлерінің тиянақты атқарған профилактикалық іс-шараларының нәтижесінде әскери бөлімдер мен мекемелерде әскери қызметшілердің құқық бұзушылықтары төмендеп, әскери тәртіптің жағдайы жақсаруда.

Бақтияр Дәуренқұлов

Қызылорда гарнизонына қызмет көрсету

жөніндегі әскери полиция бөлімшесінің бастығы майоры

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: