Сейсенбі, 18 қараша, 22:31

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№88, (2200)
18.11.2025
PDF мұрағаты

Құқық қорғау жүйесінде дүрбелең: әйелдің өлімі мен полицейдің жағдайы басшылықты орнынан тайдырды

21.10.2025

185 0

Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Қарағандыда Михайлов полиция бөлімінде кадрлық өзгерістер болды. Бұл шешім полиция пунктінде әйелдің мәйіті табылғаннан кейін қабылданған, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қарағанды облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәліметінше, тәртіптік комиссияның шешімі бойынша Қарағандыдағы Михайлов полиция бөлімінің бастығы мен оның орынбасары қызметтерінен босатылған.

Сондай-ақ, қызметтік тергеу мен тәртіптік комиссия отырысының қорытындысы бойынша Қарағанды Полиция басқармасының және облыстық Полиция департаментінің бірқатар басшылық құрамына қатысты қатаң шаралар қабылданғаны айтылды.

«Әйелдің мәйіті табылғаннан кейін сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Оның барысында оқиғаның барлық мән-жайы анықталады. Учаскелік полиция инспекторы соталды тергеп-тексеру барысында заң талаптарына сәйкес медициналық мекемеде болуына байланысты қызметінен уақытша шеттетілді. Оны жұмыстан босату мәселесі емделгеннен кейін қаралады», – деп хабарлады облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қылмыстық істі тергеу облыстық Полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында екені атап өтілді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: