Дүйсенбі, 23 желтоқсан, 22:54

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

«Құқық тәртібі»: Қызылордада 2 мыңнан астам әкімшіліқ құқық бұзушылық анықталды

20.12.2022

675 0

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысы аумағында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу және ескерту мақсатында Қызылорда облыстық полиция департаменті «Құқықтық тәртіп» жедел профилактикалық іс-шарасын өткізді. 

Өткізілген іс-шара кезінде 40 қылмыс ашылды, 2342 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. 

Оның ішінде отбасы тұрмыстық қарым қатынастар саласында жасалған құқық бұзушылықтың 146 дерегі, 276- ұсақ бұзақылық тіркеліп, қоғамдық орындарда мас күйінде жүрген258азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Автокөлікті масаң күйде басқарудың 8 дерегі анықталды. Тыныштықты бұзу – 160, кәмелетке толмаған заңды өкілінсіз түнгі уақытта жүру – 166 дерек орын алды.10 жасөспірім бейімдеу орталығынажеткізілді.

Іс-шара барысында қоғамдық орындар мен қала көшелерінде құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу бойынша қосымша шаралар қабылданып, жаяу жасақтардың патрульдеуі күшейтілді.  

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: