Дүйсенбі, 23 желтоқсан, 16:15

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

«Құқық тәртібі» жедел-профилактикалық іс шарасы барысында заңсыз қару сақтағаноблыс тұрғындары анықталды

13.02.2022

1376 0

«Құқық тәртібі» жедел-профилактикалық іс шарасы барысында 10 ақпан күні сағат 12:40 шамасында Қызылорда облысы Полиция департаментінің Жалағаш аудандық полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторымен қызмет атқару барысында 33 жастағы ауыл тұрғынының сарайында ІІО тіркеуде жоқ, 16-калибрлі, 1 ұңғылы, нөмірсіз аңшы мылтығын заңсыз сақтағаны анықталды.

Осы тектес дерек Жаңақорған ауданында орын алды. Жаңақорған аудандық полиция бөлімінің қызметкері 21 жастағы аудан тұрғынының үйін тексеру кезінде ІІО-да тіркеуде жоқ, 2 ұңғылы, 16 калибрлі, аңшы мылтығын заңсыз сақтағанын анықтаған.

Анықталған деректер бойынша Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 482–бабының 1-бөлігімен (Iшкi iстер органдарында тiркелмеген тегiс ұңғылы, газды қару мен олардың патрондарын, сол сияқты электрлі қаруды, үрлемелi қуаты 7,5 Джоульдан жоғары, калибрi 4,5 миллиметрден асатын пневматикалық қаруды заңсыз иеленіп алу, беру, өткiзу, сақтау, алып жүру, тасымалдау) әкімшілік хаттамалар рәсімделіп, сотқа жолданады.

Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: