Жұма, 08 қараша, 14:20

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№88-2098
05.11.2024
PDF мұрағаты

«Құқықтық тәртіп» профилактикалық іс-шарасы аясында пробация қызметінің есебіндегі 517 сотталған тұрғылықты мекенжайы бойынша тексеріледі

25.08.2021

804 0

Ағымдағы жылдың 23-29 тамыз аралығында Қызылорда қалалық пробация қызметі мен Қызылорда қалалық полиция басқармасының жергілікті полиция қызметінің учаскелік полиция инспекторларымен бірлесіп «Құқықтық тәртіп» республикалық профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Шараның басты мақсаты – бас бостандығынан айырумен байланысты емес жаза түріне сотталғандар тарапынан жасалатын құқық бұзушылықтардың және қайта қылмыстың алдын алу, қоғамдық тәртіпті бұзушылықтардың жолын кесу болып табылады.

Қызылорда қалалық пробация қызметі бастығының орынбасары әділет майоры Г.Жилкаманованың айтуынша, қазіргі таңда пробация қызметінің есебінде 517 сотталған есепте тұр. «Құқықтық тәртіп» РПШ өткізу кезінде сотталғандармен олардың тұрғылықты жері бойынша мақсатты профилактикалық жұмыстар жүргізіледі. Сонымен қоса қайта қылмыстар мен құқық бұзушылықтар жасауға бейім сотталғандарға ерекше назар аударылуда.Пробация қызметінің инспекторлары сотталғандар тарапынан бірқатар құқық бұзушылықтарды анықтады. Олардың әрқайсысы бойынша заң талаптарына сәйкес тиісті шаралар қабылданды. Сонымен қатар, іздеуде жүрген сотталған адамдарға қатысты жедел-іздестіру іс-шаралары да жүргізілуде.

Жаза өтеуден қасақана жалтарған бір сотталғанға қатысты сынақ мерзімін ұзарту туралы мәселені шешу туралы, тағы бір сотталғанға қатысты бас бостандығын шектеу түріндегі жазаның өтелмеген бөлігін бас бостандығынан айыруға ауыстыру туралы сотқа ұсыныстар жолданды.

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ Департаменті

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: