Сейсенбі, 26 қараша, 19:45

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№94-2104
26.11.2024
PDF мұрағаты

«Құқықтық тәртіп» профилактикалық іс-шарасы өтуде

30.11.2023

720 0

Сурет: ҚАЖД

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің нұсқауына сәйкес ағымдағы жылдың 20-30 қараша аралығында республикалық «Құқықтық тәртіп» профилактикалық іс-шарасы өтуде. Іс -шараның мақсаты-құқық бұзушылықтардың және қайта қылмыстың алдын алу, қоғамдық тәртіпті бұзушылықтардың жолын кесу болып табылады.
Өткізіліп отырған іс-шара шеңберінде Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің аудандық және қалалық пробация қызметтері есепте тұрған тұлғаларға бақылау жасап, олардың тұрғылықты жерінен тексеріп, профилактикалық жұмыстар жүргізіп, қайта қылмыстар мен құқық бұзушылықтар жасауға бейім сотталғандарға ерекше назар аударуда. Сонымен қоса әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға да көмек көрсетілуде. Пробация қызметінің есебіндегі азаматтарға көрсетілетін әлеуметтік жобасы аясында “Қызылорда облысының жастар одақтары” қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Сырдария аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған 15 азаматқа қайырымдылық көмек берілді.

Атап айтқанда бірінші кезекте қажетті азық -түліктер таратылды. Көмек алған есептегі тұлғалар ұйымдастырушыларға алғыстарын жеткізді .

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: