Бейсенбі, 24 сәуiр, 00:58

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№29, 2142
22.04.2025
PDF мұрағаты

Құс етінен әзірленетін қауіпсіз және сапалы өнімді қалай таңдауға болады?

23.04.2025

140 0

Сурет: https://ermolino-produkty.ru

Құс еті және құс еті өнімдері – халық көп тұтынатын азықтың бірі. Онда ақуыз, минералдар мен дәрумендер бар. Тағы бір жағымды тұсы –майлар аз болғандықтан диеталық тағам ретінде ұсынылады. Егер сіз осындай еттің белсенді тұтынушысы болсаңыз қауіпсіз және сапалы өнімді таңдауға көмектесетін жайттарды білгеніңіз маңызды.
Құс еті мен осыған ұқсас өнімдерге қойылатын талаптар «Құс еті мен оны қайта өңдеу өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» ЕАЭО ТР 051/2021 техникалық регламентте белгіленген. Аталған құжатқа сәйкес жануарлардан алынатын қайта өңделмеген өнім ветеринариялық-санитариялық сараптамадан, қайта өңделген өнім декларациялаудан, ал балалар тағамына арналған құс етінен жасалған өнім мемлекеттік тіркеуден өтуі тиіс. Мұндай ет еріген кезде бұлшықет тіндері серпімділігін жоғалтады, ал егер өнім ұзақ уақыт сақталса, ол өзінің жағымды дәмі мен хош иісінен айырылады. Бұл процестерді теңестіру және құс еті салмағын көбейту үшін кейбір өндірушілер құстың бұлшықет тініне тұз ерітіндісін, фосфат ерітіндісін немесе жай суды енгізеді. Техникалық регламенттің талаптарына сәйкес құс етіндегі ылғалдылық 4%-дан аспауы керек. Егер мұздатылған қаптамада мұз, қар немесе тіпті мұздатылған қан бөліктері болса, өнімдер жібіту арқылы қайтадан мұздатуға ұшырағандығын көрсетеді, бұл өз кезегінде өнімнің сапасына кері әсер етеді.
Құс етін таңдағанда назар аударыңыз:
• құс етін таңдау барысында тек ұйымдастырылған сауда орындарынан, яғни дүкендер мен базарлардан және супермаркеттерден сатып алған дұрыс;
• құс еті өнімдерінің сыртқы түрі мен иісіне көңіл бөліңіз – иісі құс етінің өзіндік балғын иісіне тән болуы керек;
• таңбалауына назар аударыңыз – міндетті түрде өндірушінің атауы мен мекенжайы, өнімнің түрі, дайындалған күні мен жарамдылық мерзімі, сақтау шарттары (температуралық режим) көрсетілуі тиіс;
• егер өнім сапасына күмәніңіз болған жағдайда сатушыдан сәйкестігін растайтын құжаттарын көрсетуді талап етуге құқылысыз.
• құс етін пайдаланар алдында мұқият термиялық өңдеуден өткізу қажеттігін ұмытпаңыз;
• құс етін дайындап болғаннан кейін ет тураған тақтайша мен пышақтарды әбден тазалаңыз және қолыңызды сабынмен жақсылап жуу қажет.
Халықты қауіпсіз және сапалы тағам өнімдерімен қамтамасыз ету мақсатында Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мен оның аумақтық басқармалары бірге өнімдерді бақылау мақсатында сатып алып, санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізеді. Ағымдағы жылы сауда орындарынан құс еті өнімдерінің 15 үлгісі іріктеліп, жүргізілген зертханалық зерттеу нәтижесінде елге сырттан әкелінген 2 өнім үлгісінен санитариялық-химиялық көрсеткіштер бойынша сәйкессіздік анықталды, яғни өнімнің ылғалдылық үлесі белгіленген нормативтік көрсеткіштен жоғары болды. 4 өнім таңбалану бойынша Кеден Одағы техникалық регламенттер талаптарына сай болмай шықты.
Сәйкессіздіктер анықталған өнімдер бойынша сауда объектілеріне Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерінің талаптарына және (немесе) Бірыңғай санитариялық-эпидемиологиялық және гигиеналық талаптарыға сәйкес келмейтін өнімді (тауарды) алып қою және өткізуден кері қайтарып алу туралы жедел ден қою шараларын қолдану туралы Қаулылар ресімделіп, сәйкес келмеген құс өнімдері сатылымнан алынып тасталды.

Ерлан Ұзақбаев
Қызылорда облысының СЭБД басшы орынбасары

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: