Сенбі, 21 желтоқсан, 19:26

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Қылмыс азайып келеді

11.02.2023

600 0

Қалада қоғамдық ахуал тұрақты. Атап айтсақ, жалпы құқық бұзушылықтың тіркелуі  өткен жылмен салыстырғанда 14 пайызға немесе 331 қылмысқа төмендеген. Бұл жөнінде баспасөз орталығында өткен брифингте Қызылорда ҚПБ бастығы, полиция полковнигі Әбдібек Жаназаров мәлім етті.

Қазіргі таңда полицияның қызмет атқару аймағы бойынша қала үш аймаққа бөлінген. Яғни облыс орталығы және Ақсай, Тасбөгет полиция бөлім­дерінің аймақтары. Сонымен қатар қалаға қарасты 8 елді мекенде 8 учас­келік инспекторы мен 4 көмекші қыз­мет атқаруда. Олар қаламыздың ты­ныштығын сақтауда өз қызметтерін мүлтіксіз орындауда.  Қылмыстық жағ­дайдың алдын алу мақсатында атқа­рылған жұмыстар ауқымды. Соның нәтижесінде қоғамдағы ахуал тұрақты.

– Жыл басынан тіркелген қылмыс­тың 38 пайызын ұрлық, 26 пайызын алаяқтық қылмыстары құраса, қалған­дарын  өзге санаттағы  қылмыстар құ­раған. Қылмыстың кезекші тәулікте ашылуы 44 пайызды құраса, ауыр және аса ауыр санаттағы қылмыстардың ашылуы 61 пайызды құрап, өткен жыл­мен салыстырғанда 9,2 пайызға жоға­рылаған. Бүгінде «102» арнасы арқылы тәулігіне 150-ден астам әр­түрлі хабарламалар тіркеледі. Өткен жылы қала көлемінде криминогендік ахуалды сауықтыру бағытында 12 айда жекелеген қылмыс түрлерінің ал­дын алуға байланысты «Пәтер», «Қару», «Мал ұрлаушы», «Автоұрлық», «Аккумулятор» «Құқықтық тәртіп» атты жедел профилактикалық іс-шаралар ұйымдастырылды. Сонымен қатар  мереке күндері, сенбі, жексенбі күндері ахуалы күрделі деген 50 шақты кафе-барларға қосымша қызметкерлер қойылды. Соның нәтижесінде әр түрлі әкімшілік құқық бұзғаны үшін 162 369 азаматқа әкімшілік хаттамалар толтырылды, – деді Әбдібек Сламбекұлы.

Жалпы қаладағы бейне бақылау ка­мералары полицейлерге қоғамдық тәртіпті сақтауда септігін тигізуде. Мәселен, осы бейнебақылау камера­ларының көмегімен бір жылда 29387 әкімшілік құқық бұзушылықтар анық­талса, 136 қылмыс ашылған. Сондықтан да қала көшелерінде бейне бақылау камераларын орнатудың маңызы зор. Облыс орталығында басқармаға қа­расты жедел басқару орталығымен бақы­ланатын 272 бейнебақылау камералары орнатылған.

Қоғамда қылмыстың көбеюіне спирт­тік ішімдікті шектеусіз сату да әсер етеді. Себебі ішімдік ішкен адам қылмыс жасауы немесе құрбаны болуы мүмкін. Сондықтан да басқарма тарапынан мұн­дай жұмыстарға да қадағалау болып тұрады.

– Мәселен, өткен жылы 71 дүкен иесіне кәмелетке толмағанға спирттік өнім сатқаны үшін, белгіленген уақыттан кейін шектеусіз спирт өнімін сатқаны үшін 470 дүкен иесіне, түн тыныштығын бұзғаны үшін 120 ойын сауық орын­дарына, кәмелетке толмағандарды түн­гі уақытта ойын сауық орындарына кіргізгені үшін 162 кәсіпкерге әкімшілік шара көрілді.  Жол көлік оқиғаларының алдын-алу мақсатында да түрлі профи­лактикалық бағытта «Қауіпсіз жол», «Жаяу жүргінші», «Заңсыз жолаушы тасымалдаушы», «Автобус» атты жедел профилактикалық іс-шаралар бірнеше реттен ұйымдастырылды. Нәтижесінде 12 айдың қорытындысымен орын алған жол көлік оқиғалары 2,8 пайызға тө­мендеген, – деді қалалық ішкі істер басқармасының бастығы Әбдібек Жаназаров.

Қалалық полиция басқармасы қыл­мыс жасауға бейім жасөспірімдерге қатысты профилактикалық жұмыстарды күшейтіп, нәтиже шығаруды мақсат еткен. Мәселен, өткен жылы кәмелет жасқа толмағандарға қарсы жасалған қылмыс 44,1 пайызға, ал кәмелетке тол­мағандар арасында қылмыс 48,9 пайызға төмендеген. Қазіргі таңда кәмелетке толмағандармен және оларға қарсы жасалатын қылмыстардың ал­дын-алу бағытында «Жасөспірім», «Бала­лар қысқы демалыста», «Қауіпсіз мек­теп», «Балалар түнгі қалада» атты жедел профилактикалық шаралар ұйым­дастыруда.

– Бір жылда атқарылған шаралардың нәтижесінде қаламызда қылмыс саны төмендеді. Полиция басқармасы өз құ­зыреті шегінде тиісті жұмыстарды атқаруда. Қазіргі қазақстандық поли­ция­ның өзекті міндетінің бірі қол­жетімділікті және  ашықтықты арттырып, тұрғындармен өзара тиімді байланыс жасауға тиіс. Сондықтан жұмыс тиімділігі халықтың сенімімен ғана өлшенеді. Біз қауіпсіздіктің алдын алу бағытындағы міндеттерімізді атқаруға тиістіміз, – деді Әбдібек Сламбекұлы.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: