Бейсенбі, 28 қараша, 08:58

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№94-2104
26.11.2024
PDF мұрағаты

Қылмыстық атқару мекемесінде тоғыз айлық қорытынды өтті

17.10.2023

635 0

Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №68 мекемесінде департамент бастығының орынбасары әділет подполковнигі Ж.Әбдіқайыровтың қатысуымен мекемеде үшінші тоқсанның қорытындысы өтті. Жедел кеңеске мекеме басшылары мен жеке құрам қызметкерлері қатысты.
Жедел кеңесті ашқан әділет подполковнигі Әбдіқайыров Жүніс Өтегенұлы ІІМ Алқа отырысында қойылған негізгі талаптар мен тапсырмаларды жеке құрамның назарына жеткізді.
Жедел-қызметтік жұмысының қорытындылары туралы мекеме бастығының орынбасары әділет майоры Әмірбек Азамат Темірбекұлы баяндама жасады. Ол өз баяндамасында №68 мекемесіндегі сотталғандардың пайдалануы мен қолданылуына тыйым салынған заттарды өткізу дерегі, тінту жұмыстары және жазасын өтеушілермен өткізілген тәрбиелік шаралар, түзеу мекемесінен босатылған, жаза мерзімі қысқартылған сотталғандар туралы айтып өтті. Сондай-ақ департаменттің жеке құрамы арасындағы тәртіптің, заңдылықтың және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың жай-күйі, атқарылған жұмыстары мен ҚАЖ имиджін арттыру бағытында БАҚ беттеріне жарияланған ақпараттар жөнінде баяндады.
Жедел кеңесті қорытындылаған департамент бастығының орынбасары№68 мекемесінде алдағы уақытта атқарылатын міндеттер бойынша мекеме басшыларына сотталғандарды жұмыспен қамту бойынша жеке кәсіпкерлермен кездесулер өткізу, сотталғандардың пайдалануы мен қолданылуына тыйым салынған заттардың жолын кесу бойынша жұмысты жандандыруды және олармен тәрбиелік жұмыстарды жиі жүргізуді, тапсырды. Қылмысқа жол бермеу мақсатында тиісті жұмыстарды атқаруды және жеке құрам арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу бағытында жүйелі жұмыстардың жүргізілуіне нақты тапсырмалар берді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: