Дүйсенбі, 17 қараша, 13:58

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№87, (2199)
15.11.2025
PDF мұрағаты

Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінде әдеп нормалары жайында жиын өтті

17.11.2025

45 0

Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №60 мекемесінің жеке құрам қызметкерлеріне ҚАЖ ардагерлер ұйымының төрағасының орынбасарының қатысуымен жедел кеңес өтті.

Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінде әдеп нормалары жайында жиын өтті

Кеңесте қызметкерлердің жұмыс жасау барысындағы әдеп сақтауы, өзара байланысудағы тәрбиемен мен тәртіптің нормалары тақырыбында сөз қозғалды. Қызметкерлер жалпы мекемеде және мекеме аумағынан тыс жерлерде қызметтік тәртіпті қатаң ұстану міндетті.

Жиын барысында Қылмыстық-атқару жұйесі департаментінің Ардагерлер үйымының төрағасының орынбасары Ж.Есмаханов баяндама оқыды. Баяндамада ардагер «Заң мен тәртіп» аясында қызметкерлердің заңға, ережеге, нормаларға сай әрекет етуін айтты. Сондай-ақ, жас қызметкерге қызметте кездесетін қиын сұрақтарды шешудің тиімді жолдарын табу керектігін және үнемі кеңес беріп, қолдау көрсететіндігінін атап өтті. Кеңес барысында мекеме бастығының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, әділет подполковнигі А.Өскенбаев қызметтік әдеп, мінез-құлық пен моральдық-психологиялық жай-күйі, кәсіби дайындықтары жайында сөз алды. Онда мекеме қызметкерлерінің арасында тәртіп бұзу мен әдеп сақтамау жағдайларының орын алмағанын айтты.

Төлеп Рәпіш

ҚАЖД №60 мекеменің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: