Бүгін Қылмыстық- атқару жүйесі департаментінің #37 мекемесі қызметкерлеріне арналған кезекті саптық байқау өтті. Шараны Тәрбие және кадр саясаты тобы ұйымдастырды. Байқаудың негізгі мақсаты – қызметкерлердің саптық дайындық деңгейін тексеру және тәртіптілікті арттыру.
Саптық байқау барысында қызметкерлердің саптық жүрісі, киім кию үлгісі және қызметтік куәліктерінің талаптарға сай болуы тексерілді. Сондай-ақ, қызметкерлердің жалпы дайындық деңгейі бағаланады.
Тәрбие және кадр саясаты тобының аға инспекторы әділет капитаны Дінмұхаммед Оспанов бұл шараның маңыздылығына тоқталып, қызметкерлердің кәсіби біліктілігін арттыруға және ұжымдық тәртіпті нығайтуға ықпал ететінін атап өтті.Саптық байқауларды жиі өткізу қызметкерлердің тәртіп пен жауапкершілікке деген көзқарасын жақсартуға және қызметкерлер арасында ұжымдық рухты күшейтіп, олардың күнделікті міндеттерін орындау барысында жоғары деңгейде тәртіпті сақтауға мүмкіндік береді ,-деді Дінмұхаммед Оспанов.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!