19 қаңтар күні Қызылорда қалалық Полиция басқармасына екі қала тұрғыны ұялы телефондарының ұрланғаны туралы арызданған.
Тексеру барысында, 19 қаңтар күні күндіз қаладағы базар маңынан жәбірленушілердің қалталарынан «Айфон 6+» және «Самсунг» маркалы ұялы телефондарын белгісіз біреулер ұрлап кеткен.
Полиция басқармасының қызметкерлері кезекші тәулікте «ізін суытпай» телефон ұрлығына қатысы бар күдікті азаматты қолға түсірді. Тексеру барысында күдікті 33 жастағы бұрын соттылығы бар, қала тұрғыны анықталды. Жалпы келтірілген шығын 360 000 теңге.
Қазіргі таңда күдікті ҚПБ УҰА-ға қамалды. Оған қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабының 1-бөлігімен (Ұрлық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Полицейлер оқиғаның мән-жайларын анықтап жатыр.
Қызылорда қалалық Полиция басқармасының баспасөз қызметі
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!