Бақылаушылар-ҚАЖ мекемесіндегі жауапты қызметкерлер. Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №37 мекемесінде 14 бақылаушы қызмет атқарады. Олардың басты міндеттері- мекемеде жазасын өтеп жүрген сотталғандардың жүріс-тұрысын қадағалап, мекемеге кірген әрбір қызметкерлерге тінту-тексеру жұмыстарын жүргізеді. Сонымен қатар сотталғандарды күнделікті таксафондармен сөйлсеу уақыттарын да қадағалап, сотталғандарға тыйым салынған заттарды алып кірмеудің алдын-алады. Ауысымға түскен бақылаушылар сотталғандарды түгендеу тексеру жұмыстарына да қатысады. Осылайша бақылаушылардың басты міндеті – олардың жүріс-тұрысын, тәртібін қадағалау, тыйым салынған іс-әрекеттерді болдырмау және олардың алдын алу.
Мекеме бақылаушыларына апта сайын бақылаушылар кеңесі өткізіледі. Бүгін де мекемеде бақылаушылар қызметі бөлімінің бастығы әділет майоры Ж.Әбдіқайыров бақылаушылар кеңесін өткізді.
Өмірде жаза басып немесе қасақана оймен қылмысқа барған түзету мекемесіндегі әртүрлі пиғылды адамдар контингентінің ортасында жүріп, олардың тәртібі мен іс-әрекетін қадағалай отырып, қызмет атқару оңай емес. Өйткені өзгені емес, өзіне қажетті мәселені шешу үшін кез-келген іс-әрекетке баруға дайын сотталғандардан не нәрсені болса да күтуге болады. Ал мұндай жағдайда біздің қызметкерлер қырағы да, батыл әрекеті, біліктілігі мен білімді болуы қажет. Бақылаушылар кеңесінде мекеме бақылаушыларына
бақылаушыларға сыбайлас жемқорлықты болдырмау,алдын алу бағытында түсіндіріп, қызмет барысында қызметтік тәртіпті, ҚР мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексін сақтап, қызмет бабында заң аясында жұмыс жасау қажеттігін назарларына жеткіземіз. Бақылаушылар арасында тәжірибелі қызметкерлер де, қызметке жақында қабылданған қызметкерлер де бар. Сотталғандармен жұмыс жасау оңай еместігін, кез-келген жағдайда жедел әрекет ету қажеттігін күнделікті айтып отырамыз,- дейді әділет майоры Жандос Әбдіқайыров.
Дана Достанова
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!