Жұма, 22 қараша, 12:08

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№92-2102
19.11.2024
PDF мұрағаты

Қытайда сотталған Ақжарқын Тұрлыбайдың елге қашан қайтарылатынын бас прокурордың орынбасары айтты

31.10.2024

537 0

Фото: Адвокат Сұңқар Нұрмағанбетовтың Facebook парақшасынан

Бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев Қытайда есірткі контрабандасы үшін өмір бойына бас бостандығынан айырылған қазақстандық Ақжарқын Тұрлыбайдың елге қашан қайтарылатынына пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Сенат кулуарында БАҚ өкілі Ақжарқын Тұрлыбайдың елге қайтарылғаны жөнінде түрлі ақпарат тарап жатқанын айтып, оның қаншалықты шындыққа жанасатыны жайында сұрады.

Ғалымжан Қойгелдиев Қазақстан азаматшасын елге қайтару мәселесі бір сәтке де тоқтамағанын айтады.

«Ақжарқын Тұрлыбай жайын айтсам, біз сыртқы істер министрлігімен бірлесе отырып, Қазақстан азаматшасын Қытайдан қайтаруға бар күш-жігерімізді салып жатырмыз. Ол жұмысты тоқтатқанымыз жоқ, белсенді түрде атқарылып жатыр. Жақын арада оң шешім табады деп сенемін. Бәрі біз ойлағандай оңай емес», – деді.

Спикердің айтуынша, Ақжарқын Тұрлыбай жазасын елге келіп өтеуге қатысты бас прокуратураға арыз түсірген. Сондай-ақ онымен адвокаты тұрақты түрде байланыста екенін атап өтті.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: