Бейсенбі, 23 қазан, 13:10

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№80, 2192
21.10.2025
PDF мұрағаты

Қыз 9-қабаттан жұмбақ жағдайда құлап кетіп, аман қалды

23.10.2025

127 0

Фото: Видеодан скрин

Алматыда 18 жастағы қыз тоғызыншы қабаттың терезесінен құлап кетті. Періштесі қаққан бойжеткен аман қалды. Қазір дәрігерлер оның өмірі үшін күресіп жатыр.  Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Оқиға түнде қаланың шет жағындағы тұрғын үй кешенінде болған. Қыз тоғызыншы қабаттың терезесінен ауладағы көлік жолына құлап кеткен. Қатты дыбысқа елең еткен көршілер дереу жедел жәрдем мен полиция шақырған. Зардап шеккен қыз туралы әзірге ақпарат жоқ. Тұрғындардың айтуынша, ол бұл тұрғын үй кешеніне жақында ғана қоныстанған. Қазір ол жансақтау бөлімінде өте ауыр жағдайда жатыр.

Ақ халаттылар қыздың денсаулығына қатысты қандай да бір болжам жасаудан бас тартты. Куәгерлердің айтуынша, зардап шеккен құлаған сәтте қыз пәтерде құрбысымен бірге болған.

Полиция бұл оқиға бойынша қылмыстық іс қозғады.

“Өзін-өзі өлтіруге әрекет ету фактісі бойынша Жетісу аудандық полиция басқармасы сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. Қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеу барысында оқиғаның мән-жайы, себебі және өзге де маңызды деректер анықталады”, – деп мәлімдеді Алматы қалалық полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: