Жексенбі, 22 желтоқсан, 14:28

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Қызмет алушы құқығын бұзуға жол берілмейді

02.12.2024

257 0

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті (бұдан әрі – Департамент) қызмет алушылардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру бойынша тиісті жұмыстарды жүйелі түрде жүргізіп келеді.

Осы ретте, Департаментке мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасына қатысты қызмет алушылармен түсірілген шағымдар заң шеңберінде қаралып, тиісті шаралар қолданылуда.

Мәселен, ағымдағы жылдың шілде айында Департаментке қызмет алушының «Сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» (1-кезең) мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша өтінішіне Ақай ауылдық округі әкімінің аппаратымен (бұдан әрі – Әкімдік) бас тарту фактілеріне қатысты шағымы келіп түскен болатын.

Шағымның негізінде, Департаментпен Қармақшы аудандық ауылшаруашылығы мен жер қатынастары бөліміне (бұдан әрі – Бөлім) жоспардан тыс тексеру жұмыстары жүргізілді.

Тексеру нәтижесінде жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның жұмыскерімен жер комиссиясы қорытындысының бір данасы Қағида талаптарында көрсетілген тәсілдердің бірімен қызметті алушыға жолданбай, Бөліммен мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі бұзылғандығы анықталды.

Осыған орай, анықталған бұзушылықтарды жою туралы Департаментпен Бөлімге берілген ұсынудың нәтижесінде, Бөлім тарапынан мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі бұзылғандығы үшін Бөлімнің маманына тәртіптік жаза қолданылып, Бөлім қызметкерлеріне құқықтық оқытулар өткізілді және қызметті алушыға жер комиссиясы қорытындысының бір данасы беріліп, бұзылған құқықтары қалпына келтірілді.

Атап өту қажет, мемлекеттік қызметтерді сапалы әрі мерзімінде көрсету және оларды көрсету нәтижесімен қызмет алушылардың құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуы – мемлекеттік аппараттың тиімділігін бағалаудың негізгі көрсеткіштерінің бірі болып қала бермек. Мемлекеттік қызметтерді көрсету барысындағы жеке және заңды тұлғалардың құқықтарының сақталуы алдағы уақытта да Департаменттің жіті бақылауында болады.

Сондай-ақ, егер мемлекеттік қызмет көрсету кезінде Заңнама талаптарының сақталмағанына куә болсаңыз, яғни мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі бұзылса, мемлекеттік қызмет көрсетуден негізсіз бас тартылса, артық құжаттар талап ету фактісі орын алса немесе мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі бұзылса, Сіз құқығыңызды Департаментке шағымдану арқылы  қорғай аласыз. Біздің мекен-жайымыз: Қызылорда қаласы, Сұлтан Бейбарыс көшесі, 1.

Байланыс нөмірлері: 8 (7242) 70 56 36, 8 (7242) 70-00-40.

Қазақстан Республикасының

Мемлекеттік қызмет істері

агенттігінің Қызылорда

облысы бойынша департаменті

Фото: ntime.kz

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: