Елінің ардақты азаматтарының бірі адалдық пен азаматтық жолында барлық күш-қуатын, ақыл-ойын құрбан етіп, шыдамдылық пен табандылықтың арқасында жаза басып жаңылғандармен тәрбие жұмысын жүргізіп, өздерінің қызмет жолында түрлі қызмет баспалдақтарынан өтіп, бүгінде Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің пробация қызметіндегі әділет майорлары Баймурзаев Нұрбол Сисенұлы, Танбаев Айдос Жақсыбекұлы және Сыздықов Рахым Мұратұлы туралы сөз қозғамақпыз.
Әділет майоры Нұрбол Сисенұлы ҚАЖ саласында 2006 жылдан бері, ал Айдос Жақсыбекұлы 2013 жылдан, Рахым Мұратұлы 2014 жылдан бері қызмет етіп келеді. Бұл қызметкерлер жаза басып жаңылып, қателікке ұрынған пробациялық есепте тұрғандарға әлеуметтік көмек көрсетумен бірге оларды әлеуметтік оңалту, қайта жасалатын қылмыстың алдын алу, болдырмау мақсатында олармен тәрбиелік мәні бар түрлі іс-шаралар ұйымдастырады. Қылмыс әлеміне табаны тиген сотталғандармен жұмыс жасау оңай емес дейді қос майор. Нұрбол Баймурзаев бүгінде тәжірбиелі қызметкерге, кәсіби маманға айналған. Алғашқы еңбек жолын 2006 жылы ҚАЖ департаментінің ЗК-169/5 мекемесінде бақылаушы-маман болып бастады. Қызмет атқарған 17 жыл ішінде бақылаушы, аға бақылаушы, пробация қызметінде инспектор, бөлім бастығы лауазымына дейін көтерілген. Қазіргі таңда Қызылорда қалалық пробация қызметінің аға инспекторы лауазымында.
-Полицей болу бала күнгі арманым болды. Осы арманымның орындалып, погон тағып,құқық қорғау саласында қызмет етуде ата-анамның, ағам Серік пен апам Сәуленің қолдауы болды. Ағам Баймырза Серік Сисенұлы құқық қорғау саласында, апам Баймурзаева Сәуле Сисенқызы да ҚАЖ саласында 25 жыл қызмет етіп, зейнеткерлікке шықты. Бастапқы жұмысқа орналасқан жастау кезімде уақытпен санасу деген болған жоқ. Күндіз-түні тапсырылған жұмысты тиянақты орынау үшін барымызды салдық. Ауыртпалығы мол қызметте көптеген қиындықтармен бетпе-бет келдім. Бірақ- қызметтің оңайы болмайды ғой. Шын ниетіңмен еңбек етсең, алынбайтын қамал жоқ,-дейді Нұрбол Сисенұлы. Нұрбол бүгінде жұбайы 3 қыз, 1 ұл өсіріп отырған ардақты әке.
Темірдей төзім мен жауапкершілікті, қайсарлықты бiр бойына жинаған әділет майоры Айдос Танбаев қылмыстық-атқару жүйесі саласында 10 жылдан астам уақыт антына адал қызмет етіп келеді. Мамандығына бар ықыласымен берілген кейіпкеріміз сонау мектеп қабырғасында жүргеннен-ақ погон тағып, нысанды киімге қызығып, бала арманы орындалып, қызығы мен шыжығы көп ҚАЖ саласының қиындығын еш қымсынбай жүрек қалауымен таңдапты. Орта мектепті тамамдаған Айдос арман қуып, 2006 жылы «Болашақ» уинверситетінің түсіп, «Заңгер» мамандығын алып шығады.
Еңбек жолын 2008 жылы Қызылорда облысының мамандандырылған күзет қызметі басқармасы Қармақшы ауданы және Байқоңыр қаласы полиция взводының полицейі болып бастаған. 2013 жылы Байқоңыр қалалық қылмыстық-атқару инспекциясына инспектор болып тағайындалады. Ұқыпты, жауапкершілігі мол жас маман осы саланың ыстығына күйіп, суығына тоңып қызметтік қабілетін шыңдады.
«Қай сала болса да өзінің қиындығы болады. Жаза басып жаңылған азаматтарды түзелу жолына түсіру, олардың өмірге деген көзқарастарын өзгерту біздің жұмысымыз. Оларға әлеуметтік –құқықтық көмек көрсете отырып, сот қаулысымен жүктелген міндеттерді, жаза өтеудің тәртібі мен шарттарын бұзбауға және олардың жауапкершілігі мен құқықтарын түсіндіреміз. Пробация есебіндегі тұлғалармен түрлі мәдени-спорттық шаралар ұйымдастырып, қайта қылмыс тың алдын алу бағытында жұмыстар атқарып келеміз. ҚАЖ саласы қиын болса да үйреніп, мінекей майор шеніне дейін жетіп отырған жайым бар»,- деді әділет майоры Айдос Танбаев.
Бүгінде Байқоңыр қалалық пробация қызметі бөлімінің бастығы лауазымында қабілетті де қарымды қызметкерге ай¬нал¬ды. Қызметте абырой биігіне көтерілген азамат отбасында аяулы жар, ардақты әке болды. Жолдасы Айшолпан екеуі 2 ұл, 2 қыз өсіріп отырған бақытты отбасылардың бірі.
Сыздықов Рахым Мұратұлы 1985 жылы 23 қыркүйек айында Қызылорда қаласында дүниеге келген. Бала кезінен погон тағып, полиция қызметкері болуды армандаған полиция майоры 2002 жылы жақсы бағамен бітіріп, Болашақ университетіне түсіп, 2013 жылы заңгер мамандығын алып шығады. Еңбек жолын 2014 жылы Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің Байқоңыр қалалық қылмыстық-атқару инспекциясында инспектор болып бастаған. 10 жылға жуық пробация қызметінде лейтенант шенінен бастаған Рахым бүгінде әділет майоры, қалалық пробация қызметі бастығының орынбасары лауазымында. Пробация қызметінде антына адал қызмет ете жүріп, берілген тапсырмаларды бұлжытпай орындап, өзінен кейінгі жас буынған көмеген көрсетіп жүреді. Қарамағындағы қызметкерлерден бірінші кезекте тапсырылған шаруаны тиянақты тындыруды, ұжыммен ортақ тіл табысып, дұрыс жұмыс істеуді талап етеді. Содан болар басшылық қызметке сатылап көтерілді. Қиындығы мен қызығы мол салада адал еңбек ете жүріп, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсете білді. Рахым Мұратұлына тән қасиет- әділеттік, қамқоршылдық, кішіпейілділік және жүктелеген жұмысқа байыппен қатап, сауаттылықпен шешімін табу. Міне, осындай адаргершілік қасиет тек қана қызмет бабында ғана емес, отбасында да ағайын- туыстары арасындада үлкен абыройға жеткізуде. Бүгінгі күні Рахым Мұратұлы –үлгілі жанұя басшысы, екі қыз тәрбиелеп отырған ардақты әке.
Рахым Мұратұлының ҚАЖ саласындағы еңбек жолындағы тәлімгері Нұрбол Баймурзаев болған. Рахым 2014 жылы Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің Байқоңыр қалалық қылмыстық-атқару инспекциясында инспектор болып тағайындалғанда, Нұрбол Сисенұлы сол бөлімнің бастығы қызметінде болып, жас маманға жол көрсетіп, ақыл- кеңесін айтып, қызметтің жауапкершілігін үйреткен. Осы күнге дейін абыройлы қызмет етіп келе жатқаным алғашқы тәлімгерім Нұрбол Баймурзаевтың еңбегі дер едім дейді әділет майоры Рахым Сыздықов.
Ұжымда жастарға үлгілі тәлімгер, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсете білетін Нұрбол Сисенұлын әріптестері де құрметке лайықты қызметкер деп санайды.
Өздеріне жүктелген міндеттерді мінсіз, адал атқарғаны үшін білікті де білімді қызметкерлер ҚАЖ департаментінің басшылығымен бірнеше мәрте марапатталған.
ҚАЖ қызметкерлерінің еңбек жолдарында айтарлықтай жетістіктерімен дараланып жүруінің де бір себебі қай іс болмасын жауапкершіліктен жалтармай, қызметтерін табандылықпен атқара білуінде. Әділет майорлары Нұрбол Сисенұлына, Айдос Жақсыбекұлына және Рахым Мұратұлына мереке қарсаңында зор денсаулық, отбасына береке- бірлік, қызметте өрлеу тілейміз.
Дана Достанова
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!