Сәрсенбі, 27 қараша, 09:51

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№94-2104
26.11.2024
PDF мұрағаты

Қызметте бас қосқан жұптар

22.06.2024

571 0

ҚАЖ саласында қызметте болу өте күрделі. Соған қарамастан ҚАЖ қызметкерлері отбасы беріктігін сақтап, үлгі көрсетіп келеді. Өйткені мамандарды жұмысқа қабылдар алдында, жеке әңгімелесу өткізіп, адамгершілік-моральдік тұрғыдан артықшылық қасиеттеріне де, аса ерекше мән береді. Жас отбасылар мен көпбалалы отбасыларға әрдайым қолдау көрсетіледі. ҚАЖ қызметкерлерінің жанұя жарасылымдылығы олардың қызметтерінде сабырлы болып, емін-еркін жұмыс жасауына мол мүмкіндік тудырады. Сондықтан болар, ҚАЖ саласындағы бірге жұмыс жасайтын жұптар отбасы беріктігіне жауапкершілікпен қарайды. Соның бірі Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің 68 мекемесінің режим және күзет бөлімінің корпусшысы
әділет аға сержанты Сәбит Асқаров пен әділет аға лейтенанты Нұркен Жансая. Бүгінде бұл отбасы бір қыз бен бір ұлды тәрбиелеп отырған жанұя. Бір қызметте бас қосып, отау құрған бұл жұптың татулығы мен ынтымағы берік.

Келесі кезекте, әділет лейтенанты Дулат Нұрыллаев пен жолдасы режим бөлімінің бақылаушысы әділет аға сержанты Әбдамит Гүлзада екеуі 2017 жылдан бері қызмет атқарып келеді. Қызметте де өмірде де бірге қол ұстасып келе жатқан бұл жұп қазіргі таңда екі ұлдың ата-анасы және бақытты отбасы.

Келесі отбасылық жұп 68 мекемесінің режим бөлімінің бақылаушысы әділет кіші сержанты Саруаров Ануар мен әділет аға сержанты Нағашыбай Нұрсұлу. Бұл жұптың ерекшелігі екеуінің ұқсастықтары арқылы көзге түскен. Қызметте сыйлы және абыройлы бұл отбасы жақында ғана шаңырақ көтерген. Жақын арада қош иісті сәбидің ата анасы атанбақ.

Қызметте бас қосқан жұптар
Қызметте бас қосқан жұптар

Мөлдір Жолдасбекқызы

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: