Жексенбі, 22 желтоқсан, 13:04

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Қызылорда: 1 миллион теңгенің құрылыс заттарын ұрлады деген күдікпен қала тұрғыны ұсталды

28.04.2022

967 0

Қызылорда қалалық Полиция басқармасының Ақсай полиция бөлімінің криминалдық полиция бөлімі жедел уәкілдерінің жедел іздестіру іс – шараларының нәтижесінде ұрлықтың ізі суымай ашылды.

25 сәуір күні қала тұрғыны Полиция басқармасының кезекші бөліміне келіп, меншік үйдің ауласында тұрған жалпы құны 1 миллион теңге тұратын құрылыс заттарын ұрлап кеткендігі жөнінде арыз берген болатын.

Тәртіп сақшылары күдікті 30 жастағы қала тұрғынын құрықтады.

Аталған дерек Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабының 3-бөлігінің 3 тармағы (Ұрлық,тұрғын, қызметтiк немесе өндiрiстiк үй-жайға, қоймаға не көлік құралына заңсыз кiрумен жасалған ұрлық)бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.Күдіктіге қатысты ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы қолхат түрінде бұлтартпау шарасы қолданылды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: