Жексенбі, 22 желтоқсан, 15:56

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Қызылорда да тергеу мекемесінде жедел кеңес өтті

21.09.2023

479 0

2023 жылдың 21-қыркүйек күні Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №68 мемлекеттік мекемесінде басшылық құрамны4 қатысуымен жедел кеңес өткізілді.
Күн тәртібінде төрт сұрақ қарастырылды. Ең алдымен «Арнайы контингентке қатысты дене күшін, арнайы құралдарды, атыс қаруын және өзге де қаруды қолдану алгоритмі», «Жеке құрам арасында жемқорлық және басқа да құқық бұзышылықтардың профилактикасы», «Стресс, жеке құрам арасындағы психикалық өзін-өзі реттеу. Суицидтің алдын-алу», «Алып жүретін бейнетіркегіштерді қолдану, ақпаратты алу және сақтау тәртібі жайында баяндалды. Күн тәртібінде қарастырылған сұрақтар бойынша ҚАЖ департаменті режим және қадағалау тобының жедел уәкілі әділет майоры Асыл Ертай мен кадр саясаты тобының аға инспектор-психологы әділет капитаны Моншақ Маханова баяндама оқыды.
Тергеу мекемесінде өткізілген жедел кеңеске арнайы ҚАЖ департаменті бастығының орынбасары әділет подполковнигі Ж.Әбдіқайыров, ҚР ҚАЖК өзіндік қауіпсіздік басқармасының аға жедел уәкілі әділет майоры Н.Мектегенов, ҚАЖ департаменті өзіндік қуіпсіздік тобының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі әділет капитаны Р.Жамбылов пен №68 мекемесінің бастығы әділет майоры Қ.Ильясов сондай-ақ, мекеме орынбасарлары мен жеке құрам қызметкерлері қатысты.
Бүгінгі өткен жиында жеке құрам қызметкерлеріне жемқорлық және басқа да құқық бұзушылықтардың алдын-алу мақсатында арнайы бейнероликтер көрсетіліп, баяндамашылар түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сонымен-қатар, қызмет барысында орын алатын келеңсіз жайттар болған жағдайда бейнетіркегіштерге түсіріп, сотталған мен айыпталған азаматтармен сыпайы сөйлесу мен заң бойынша жұмыс жасау айтылды. Қазіргі таңда елімізде болып жатқан соңғы жаңалықтарға байланысты мекеме жеке құрам қызметкерлері арасында жұмыс барысына жиналыстар өткзіліп, қызметтік түсіндірме жұмыстары әр күн сайын жүргізіліп отырады деді,- мекеме бастығы әділет майоры Ильясов Қайырбек Есентайұлы.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: