Жексенбі, 22 желтоқсан, 10:52

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Қызылорда да тергеу мекемесінде «Зорлық-зомбылықтың» алдын-алу тақырыбында семинар өтті

10.09.2024

443 0

         Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №68 мекемесінде тәрбие және кадр саясаты тобының аға инспекторы әділет капитаны Д.Шахидың ұйымдастыруымен жеке құрам қызметкерлері арасында отбасындағы «Зорлық-зомбылықтың» алдын-алу тақырыбында семинар өтті.

         Іс-шарада, мекеме бастығының жалпы сұрақтар жөніндегі орынбасары әділет майоры Е.Бегімұлы төрағалық етіп, семинарға Қызылорда қалалық полиция басқармасы жергілікті полиция қызметі бөлімі әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының аға инспекторы Ерболат Әйгерім Ерболатқызы мен Артықбаева Еркебала Сапарқызы шақыртылып,  отбасыға  қатысты зорлық-зомбылыққа жол жоқ тақырып аясында түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, видео роликтер көрсетіліп,  күш қолдану, ұрып-соғу, намысқа тию, қоғамнан оқшаулау секілді зорлыққа душар болған жағдайда не істеу керектігі жайлы айтып өтті. Сонымен қатар,  келген мамандар жеке құрам қызметметкерлерінің сұрақтарына тұшымды жауап беріп, өз кеңестерімен бөлісті.

  • Қазіргі таңда, елімізде отбасы арасында «Зорлық-зомбылық» тақырыбы күрделі тақырыптардың біріде бірегейі болып отыр. Мекемеге тиісті мамандарды шақыртып, жеке құрам қызметкерлері арасында біршама түсіндірме жұмыстарын жүргіздік. Себебі, қызметкерлердің жұмыс тәртібі де кестесі де ауыр. Отбасындағы түсініспеушіліктердің бірі осы мәселеден туындайды. Сол себептен, жеке құрам қызметкерлерінің өздерінен бөлек отбасылары арасында да үйлеріне барып профилактикалық түсіндірме жұмыстарын мүлтіксіз жүргізіп отырамыз,- деді мекеме бастығының орынбасары әділет майоры Романкулов Ерлан Бегімұлы.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: