Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қарауыл қызметіндегі №5547 әскери бөлімінің сарбаздарын салтанатты шығарып салу кеші өтті. Отан алдындағы борышын өтеп аяқтаған сарбаздарға №60 мекеме тарапынан алғыс жарияланды.
Әскерге бару – әрбір ер азаматтың маңызды міндеті болып табылады. Денесі шымыр болып, физикалық қабілеті одан әрі жетіледі. Әскери борышын өтеу, тек қана жеке міндет емес, сонымен қатар елге деген адалдық пен патриотизмнің нақты көрінісі. Әскери борышын өтеу барысында азаматтардың бойында ерлік қасиеті артып, рухы көтерілетіні рас.

Сарбаздарды шығарып салу кешінде №60 мекеменің Кадр тобының маманы, әділет аға лейтенанты А.Молдашов алғы сөз сөйлеп, Отан алдындағы міндетті борышын абыроймен атқарған сарбаздарға алғыс айтты. Жыл бойы қауіпсіздікті қамтамасыз еткендері үшін ризашылығын білдірді. Әскери қызметтің ел қауіпсіздігін қамтамсыз етудегі маңызын атап өтіп, сарбаздардың болашақ өмірлеріне сәттілік, зор денсаулық, табыс тіледі. Аман-есен бір жылды өткерген сарбаздарға алдағы уақытта Қылмыстық-атқару жүйесі саласында жұмыс жасауды ұсынды.
Іс-шара барысында А.Молдашов сарбаздарға мекеме басшысының атынан алғыс хаттарын табыстады.
Рәпіш ТӨЛЕП
ҚАЖД №60 мекеменің баспасөз қызметі
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!
