Бейсенбі, 26 желтоқсан, 10:57

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Қызылорда облысында «Дәрмек» жедел- профилактикалық іс-шарасының 3 күнінде 10 құқық бұзушылық анықталды

27.07.2023

405 0

Облыс көлемінде есірткінің заңды айналымы саласында құқық бұзушылықтарды анықтауға бағытталған «Дәрмек» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Қызылорда облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерімен есірткі құралдарының, психотропты заттардың және прекурсорлардың заңды айналымы саласындағы қызметті жүзеге асыратын жалпы 75 мекеме, оның ішінде 38 дәріхана және 37 денсаулық сақтау саласындағы мекеме тексерілді.

Жалпы іс-шара барысында 10 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды.

Атап айтқанда:фармацевтикалық қызмет қағидаларын бұзудың  (ҚР ӘҚБтК 426-б.)-6 дерегі, есірткі айналымы саласындағы объектілердің техникалық нығайтылу талаптарын бұзудың (ҚР ӘҚБтК 427-б.)4дерегі анықталды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: