Қызылорда облысында пробация есебіндегі азаматтардың рухани байлығын арттыру мақсатында тарихи фильм көрсетілді.
9 қарашада Қармақшы аудандық пробация қызметі, аудандық мәдениет бөлімі және аудандық прокуратураның ұйымдастыруымен маңызды шара өтті. Пробация есебіндегі 17 сотталған азамат пен олардың отбасы мүшелері үшін мәдениет үйінде “Qajymuqan” кинофильмі көрсетілді.
Шараның мақсаты – сотталған азаматтардың рухани байлығын арттыру, отбасылық қатынастарын нығайту және олардың мәдени дамуына ықпал ету. Мұңайтпасовтың өмір жолын баяндайтын көркем фильм батырлық пен ерлік, адамгершілік пен ұлттық құндылықтарды дәріптейді. Кинофильмде Қажымұханның өз отбасына деген қамқорлығы, еліне адал қызмет етуі, қиындықтар мен кедергілерге қарамастан өз мақсатына жетуі көрсетілді.
– Бұл фильм тек бір сәттік демалыс емес, рухани азық болды. Шарадан алған әсерімізді сөзбен жеткізу мүмкін емес, батыр тұлғаның ерлігі мен адамгершілік қасиеттерінен үлгі алдық. Ұйымдастырушыларға алғысымыз шексіз, – деді есептегі сотталған.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!