Дүйсенбі, 03 наурыз, 22:12

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№16,2129
01.03.2025
PDF мұрағаты

Қызылорда облысында есірткіге қарсы эмблема, логотиптер байқауы өтті

03.03.2025

29 0

Қызылорда облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы алғаш рет студенттер мен оқушылардың есірткіге қарсы логотиптер жасауына шығармашылық конкурс өткізді.
Байқауға аудандық және қалалық білім бөлімдерінің пікірінше, есірткіге қарсы тақырыпқа сәйкес келетін, эстетикалық және қабылдауға оңай, қысқа, креативті және ерекше 48 жұмыс ұсынылды.
Балалар екі тақырып бойынша жұмыс ұсынды: «Қызылорда облысы есірткіге қарсы!» эмблема-логотипі және «Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы» эмблема-логотипі, яғни облыс үшін және Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы үшін LOGO құрастырды.
Ең жақсыларын анықтау қиын болды, өйткені жұмыстың көркемдік деңгейі мен әр түрлі идеялар жоғары болды. Сондықтан қазылар алқасы үш финалистті емес, он финалистті жариялауды ұйғарды. Онда, үш бірінші, үш екінші және төрт үшінші орындарды белгіледі.
Бірінші орынды: Шиелі ауданының №127 мектеп-лицейінің оқушысы Рыспанбетов Мақсат, Арал ауданының №14 орта мектебінің оқушысы Қосанов Еркебұлан және Шиелі ауданының №244 орта мектебінің оқушысы Тілеуберген Бексұлтандар иеленді.
Екінші орынды: Қорғанбек Аяулым (Жалағаш ауданының №188 орта мектебі), Аябек Еркебұлан және Қуаныш Әсет (Сырдария ауданының №№132,44 орта мектептері) иеленді.
Үшінші орын иегерлері: Құрбан Аян (Шиелі ауданының №244 орта мектебі), Қасымов Қуаныш (Арал ауданының №260 орта мектебі), Оразбаев Данияр (Қармақшы ауданының №269 орта мектебі), Абдулахан Гауһар (Жаңақорған ауданының №110 мектеп-лицейі).
Ең жақсы проектілер жұмыста пайдаланылады және ресми логотиптер ретінде қабылданады деп жоспарлануда.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: