Бейсенбі, 30 қаңтар, 18:51

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№ 7, 2120
28.01.2025
PDF мұрағаты

Қызылорда облысында полиция есірткі өсіретін фитозертхананың жұмысын тоқтатты

29.01.2025

238 0

ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлінісі прокуратураның үйлестіруімен Қызылорда облысында жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде 40 жастағы ер адамды ұстады.

Cырдария ауданының тұрғыны өзінің үйінде аса ірі мөлшерде есірткі затын сақтап, қарасора өсірумен айналысқан. Кейін оны таратуды көздеген.

Тінту барысында ыдыстарға отырғызылған 86 түп қарасора, есірткі затын өсіруге арналған жабдықтар, сондай-ақ екі дана пластикалық ыдысқа салынған кептірілген марихуана тәркіленді.

Жалпы 2,7 кг кептірілген марихуана және 10 кг қарасора өсімдігі анықталды. 

Күдікті ұсталды. Оған қатысты қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жалғасып жатыр.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: