Жексенбі, 22 желтоқсан, 11:12

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Қызылорда облысында тағы да ірі  есірткі алқабы жойылды

09.08.2023

678 0

Қызылордалық полицейлер «Қарасора-2023» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында  7 тамыз күні Қызылорда облысы Жаңақорған ауданының Қаратөбе ауданынан 6 шақырым жерде ірі есірткі алқабын  анықтады. Оқиға орнында Жаңақорған ауданының 65-53 жастағы екі тұрғыны ұсталды.  Тексеру барысында жедел-тергеу тобы құрамында есірткі бар өсімдіктердің 52  түбін анықтады.Полицейлер оқиға орнынан ірі есірткі алқабынан бөлек ұсталғандардың жеке заттарын, азық – түлік, сора өсіруге арналған арнайы жабдықтар: насос, палатка, мотор, шланга, күрек, кетпен тәркіледі.   Сонымен қатар, 52 түп сораның жалпы салмағы сараптама қорытындысына сәйкес 10 кг. 936 гр. болып шықты.Күдікті азаматтар уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 300-бабының 2–бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде.  

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: