29 наурыз күні Арал ауданы полиция бөлімінің қызметкерлерімен Бекбауыл елді мекені аймағында «ВАЗ 2107» автокөлігін тоқтатып тексеру барысында, 13 дана құстар, 2 заңсыз аңшы мылтығы және 25- дана оқтар алынды.
Оқиға орнында екі азамат анықталды. Олар еш жерде жұмыста жоқ, аудан тұрғындары болып шықты.
Қазіргі таңда құқық бұзушыларға катысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 482-бабының 1-бөлігімен (Жеке және заңды тұлғалардың қаруды заңсыз иеленіп алуы, беруі, өткізуі, сақтауы, алып жүруi, тасымалдауы ) хаттама толтырылып, тиісті сараптамалар тағайындалды.
Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!