Бүгін Қызылорда облысының «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының мәжіліс залында Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаменті, Қызылорда облысы прокуратурасы және «Атамекен» кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп дөңгелек үстел өткізді.
Іс-шараның мақсаты-Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД-нің №60 мекемесінің өндірістік аймағына шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерді тартып, жазасын өтеуші сотталғандарды жұмыспен қамту.
Дөңгелек үстелге ҚАЖ депаратменті бастығының орынбасары әділет подполковнигі Әбдіқайыров Жүніс Өтегенұлы, Қызылорда облыстық прокуратурасының Үкімдердің орындалуын қадағалау басқармасының аға прокуроры Алмас Махмут Ахтанұлы, «Еңбек-Қызылорда»РМК филиалының директоры Сәруар Бегалдинұлы , «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы басшысының орынбасары Дәурен Мұзарапұлы , жергілікті атқарушы орган өкілдері және шағын және орта бизнес өкілдері, мекеменің сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру бөлімінің мамандары қатысты.
Кездесуде сотталғандарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын ұлғайту мәселелері талқыланды.
Жиында ҚАЖ департаменті бастығының орынбасары әділет подполковнигі Жүніс Өтегенұлы сөз алып, ҚАЖ мекемелерінің басты мақсаты сотталғандарды жұмыспен қамту деді. Жазасын өтеушілерді еңбекпен қамту арқылы олардың сотпен тағайындалған қарыздарын өтеуіне, айлық жалақыларынан артылғанын жақын адамдарына көмектесуіне де мүмкіндігі бар. Бұл өз кезегінде сотталғандардын туыстарымен әлеуметтік байланыстарды сақтай отырып, нәтижесінде олар босатылғаннан кейін қоғамға әлеуметтік бейімделу мәселесін жеңілдетеді. Сондықтан бүгінгі күннің түйткілді мәселесі жұмыссыздықты жою үшін мекеменің өндірістік аймағындағы бос ғимараттарға кәсіп ашу үшін орта және шағын кәсіпкерлік субьектілерін шақырамыз. Жұмыс көздерін ашып, жазасын өтеушілерді жұмыспен қамтыса,- деді өз сөзінде.
Бүгінгі таңда ҚАЖ департаментінің №60 мекемесінде 200 -ден аса сотталғанды 9 жеке кәсіпкер жұмыспен қамтыса, №37 мекемесіндегі 130-ға жуық сотталғанды қала аумағындағы 22 кәсіпкер жұмыспен қамтып отыр.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!