Дүйсенбі, 25 қараша, 00:00

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№93 – 2103
23.11.2024
PDF мұрағаты

Қызылорда облысының тұрғыны танысының үйіне ұрлыққа түскен

09.08.2023

709 0

     Қызылордалық полицейлер танысының үйіне ұрлыққа түскен 36 жастағы азаматшаны ұстады.           8 тамыз күні Қызылорда облысы Полиция департаментінің Сырдария аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызбен шағымданды.  Үй  иелерінің тойға кеткенін пайдаланған белгісіз тұлға үйдің ашық тұрған терезелері арқылы кіріп, жатын  бөлмедегі шкафтан алтын бұйымдар мен ақша  ұрлап кеткен.          Полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел – іздестіру шараларының нәтижесінде бұрын сотты болған азаматша ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ол жәбірленушіні танитынын және үй иелеренің жоқтығын пайдаланып, ұрлыққа барғандығын мойындады. Айғақ зат ретінде ұрланған алтын бұйымдар тәркіленді.  Орын алған ұрлық дерегі бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп – тексеру әрекеттері жүргізілуде. Мән –жайлар анықталуда.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: