Қарулы Күштерінің бірыңғай жүйесін құрайтын қазіргі заманғы, саны жанынан жинақы, жақсы жабдықталған жəне жауынгерлік қабілеті жоғары Құрлық əскерлері, Əуе қорғанысы күштері мен Радиоэлектроника жəне байланыс əскери-инженерлік институты жəне Кадет корпусы құрылды.
Əскери оқу орындары əскерилердің кəсіби шеберлігін арттыру саясатын жалғастыруда. Сонымен бірге əскерлерді келісімшарт негізінде жасақтау,армияны қазіргі заманғы қару-жарақпен жарақтандыру одан əрі дамытылды.
Сонымен қатар, тағдырын армиямен байланыстыруға шешім қабылдаған азаматтар үшін қолайлы əлеуметтік жағдайлар жасалатын болады.
Бүгінгі күні отандық əскери білім беру жүйесін Қорғаныс министрлігінің қарамағында əскери оқу орындары құрайды.
1. Алматы қаласында орналасқан Сағадат Нұрмагамбетов атындағы Құрлық əскерлерінің Əскери институты.
2. Ақтөбе қаласында орналасқан Екі мəрте Кеңес Одағыныңбатыры Т.Ж.Бигелдинов атындағы Əуе қорғанысы күштерінің Əскери институты.
3. Алматы қаласында орналасқан Радиоэлектроника жəне байланыс əскери-инженерлік институты.
4. Ақмола облысы Щучинск қаласында орналасқан Қорғаныс министрлігінің Шоқан Уəлиханов атындағы Əскери колледжі.
ҰБТ мынадай жалпы білім беру пəндерінен жүргізіледі:математика, физика-негізгі пəн, қазақстан тарихы, қазақ немесеорыс тілдері:кемінде 50 балл, оның ішінде математикадан сауаттылығы немесематематикадан кемінде 7 балл тестілеу нəтижесі бар үміткерлер келесі емтихан тапсыруға жіберіледі.
Əскери оқу орнын бітірген азамат лейтенант шенімен оқу бітірісімен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің əскери бөлімдеріне жөнелтіп,əскери қызмет атқарады, яғни əскери мамандықты таңдаған азаматты жұмыссыз қалдырмайды. Керісінше мүмкіндігінше үй-жаймен қамтамасыз етіп барлық жағдайды жасайды.
Сондықтан қаламыздағы болашақ ел қорғайтын ер азаматтар Бауыржан аталарымыздай жау жүрек батыр болғылары келсе, елінің тыныштығы мен қауіпсіздігі үшін қызмет етуді мақсат тұтар болса, жергілікті жердегі Қорғаныс істері жөніндегі басқармаға (военкаматқа) жолығуларын сұраймыз.
Мекенжайымыз: Қызылорда қаласы, Шүкіров көшесі 101 АБайланыс телефондары: 24-50-22, № 127 кабинетҚалалық қорғаныс істері жөніндегі басқармасы (военкомат)
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!