Бейсенбі, 26 желтоқсан, 18:13

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Қызылордада 17 жастағы ұры ұсталды

25.03.2021

1709 0

23 наурыз күні Қызылорда қалалық Полиция басқармасына қала тұрғыны арызданды. Арызданушының айтуы бойынша, белгісіз біреулер Орталық алаңдағы бір ғимараттың жанында баласын ұрып-соғып, қолындағы «Самсунг S20» үлгісіндегі ұялы телефонын, «Радо» үлгісіндегі қол сағатын және 2000 теңге ақшасын тартып алып, қашып кеткен. Келтірілген материалдық шығын 310 мың теңге.
Басқарма полицейлерінің жедел-іздестіру шараларының арқасында күдікті азамат ретінде, облыс орталығының 17 жастағы тұрғыны ұсталды. Оған қатысты Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 191-бабы 2-бөлігі 1 тармағымен (Тонау, жәбiрленушiнiң өмiрiне немесе денсаулығына қауiптi емес күш қолданып не осындай күш қолдану қатерін төндіріп) сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде.
Күдіктіге қатысты, ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы қолхат түрінде бұлтартпау шарасы қолданылды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.


Қызылорда қалалық Полиция басқармасының баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: