Дүйсенбі, 23 желтоқсан, 16:26

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Қызылордада 17 жылға сотталған ер адам түрмеде үйленді

25.03.2023

596 0

Қызылордада қарақшылық және адам өлтіру бабы бойынша 17 жылға сотталған ер адам отбасын құрды, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі «Астана» телеарнасына сілтеме жасап.

Телеарна мәліметінше, қылмыстық атқару жүйесі департаментіне қарасты №60 мекемеде жазасын өтеп жатқан ол 4 жыл бойы қалыңдығымен байланысын үзбеген. 

– Үйленіп некемді қиып жатырмын. Заңды куәлікті табыстап жатыр. Жарымды 2016-дан бері танимын. Сосын осы жаққа келіп, сөйлесіп, екеуіміз некемізді қиып, үйленуге бел будық, Алланың қалауымен үйлендік, – дейді жазасын өтеуші

Жаза өтеу мекемесінде 800-ден астам адам жазасын өтеп жатыр. Олардың ішінде жұмыс істеп, отбасына қаржылай қолдау көрсетіп отырғандар да бар. Былтыр 31 азамат некесін заңдастырған. Мұндай бастама сотталушыларға жақсы әсер етеді дейді департамент бастығы.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: