Сейсенбі, 26 қараша, 02:05

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№93 – 2103
23.11.2024
PDF мұрағаты

Қызылордада 21 адамды алдап соққан алаяқтар бес жылға сотталды

09.08.2021

606 0

Қызылордада 21 адамды алдап соққан алаяқтар бес жылға сотталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда қалалық Полиция басқармасына қала тұрғындары “Befree” атты қаржы пирамидасының құрбаны болғандары жөнінде арызданған. Келеңсіз оқиға 2019 жылдың қазан айынан бастау алған. Белгісіз біреулер WhatsApp желісі арқылы “Befree” тобын ашып, қаржылық (инвестициялық) пирамида құрып, оларға екі апта ішінде 50 пайыздық үстемелік пайда табу мүмкіндігін жеткізген. Салдарынан 296 адам салымшы ретінде тіркеліп, жалпы 21 жәбірленушіге материалдық шығын 22 миллионнан астам теңге құрады.

Осыған орай, полицейлердің жедел әрекеттерімен, тергеп-тексеру жұмыстарының нәтижесінде қала орталығының тұрғыны ұсталып, бұл іске қатысты тағы да екі сыбайлас азаматшалар анықталып, оларға қатысты дәлелдемелер жинақталып, күдікті қатарында танылған.

Қылмыстық іс бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 217-бабының 3-бөлігінің 2-тармағымен (Қаржылық (инвестициялық) пирамиданы құру және оған басшылық ету, аса ірі мөлшерде ақшаны немесе өзге мүлікті тарта отырып жасалған) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілді.

Қазіргі таңда Қызылорда қалалық сотының шешімімен айыпталушылардың әрқайсысына 5 жылға бас бостандығынан айыру туралы шешім шықты.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: