Қызылорда қаласында көп қабатты үйдің бесінші қабатынан секіріп кеткен 14 жастағы қыз көз жұмды.
Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің хабарлауынша, 7 наурызда сағат 11:00 шамасында облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасынан хабарлама келіп түскен. Онда облыс орталығының Сырдария өзені сол жағалауындағы бөлігінде орналасқан көп қабатты үйдің бесінші қабатынан 2007 жылғы жасөспірім қыздың секіріп кеткені айтылған.
Бұл оқиғаны Қызылорда қалалық полиция басқармасы растады. Оқиға барысы жөнінде түсініктеме берді.
«Жас қыз өз-өзіне қол жұмсауға әрекеттенген. Кәмелетке толмаған жеткіншек медициналық мекеменің жансақтау бөлімінде қайтыс болды. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабының 3-бөлігімен (Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда», – деп мәлім етті Қызылорда қалалық полиция басқармасынан.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!